“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында

“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында бүгін, 14.10.22 жылы 5 “а” сынып оқушылары мектеп кітапханасына барып, жаңадан келген кітаптармен танысып, қазақ тілі пәні мұғалімі Бигелдинова Жаңылдық пен мектеп кітапханашысы Зинегүл Төлегенованың ақыл-кеңесі бойынша балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” хикаятын оқуға тапсырма алды.
“Жақсы кітаптар оқу- өткен замандардың ең жақсы адамдарымен әңгімелесу деген сөз ” ,- деп Р.Декарт айтпақшы, олар тұңғыш ағартушы-педагог Ы.Алтынсариннің әңгімелері бойынша өз ой-пікірлерімен бөлісіп, тәрбиелік, ғибратты ой-түйіндеріне тоқталды.
Сол кезеңдегі Ыбырай атамыздың халық арасынан жинақтаған жұмбақтары “Білім құдығына” жасырылып, балалар шешуін жарыса тапты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *