«Қазақстан-ұлан-байтақ республикам бұл менің!» атты мерекелік концерт
РЕСПУБЛИКА КҮНІ қарсаңында 10-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Қазақстан-ұлан-байтақ республикам бұл менің!» атты мерекелік концерт болып өтті.
МАҚСАТЫ: Жас өрендерге Отанды сүю, мемлекеттік рәміздерді қастерлеу, туған жерге адал қызмет ету, шынайы патриот болудың тереңдігін ұқтыру.
Кеш барысында «Қазақстан», «Отан отбасынан басталады» атты композициялық қойылым, әсем би, әуезді ән орындалды. Қол жеткізген табыстары үшін республикалық дипломмен оқушы, оның ата-анасы, ұстазы және 25 шәкірт мектепішілік марапатқа ие болды.
13 жылдан соң қайта оралған ұлттық мерекемен мектеп түлегі, ҚР Президентінің қолынан «Ерлігі үшін» медалін алған, бейбіт күннің батыры Жидеханов Нұржан мен тарих ғылымдарының кандидаты Еспенбетова Айнагүл ыстық ықыласпен бейнеқұттықтау жолдады.
Концерт хор ұжымының «Қазақстан» әнін орындауымен аяқталды.
Сынып жетекшілер: Ж.Насамбаева, Ж.Ерғалиева