«1001proverbs, 101riddles» тақырыбында сыныптан тыс
«Үш тіл білген- өзгеден үш саты биік тұрады» атты тілдер апталығы аясында 8-сыныптар арасында «1001proverbs, 101riddles» тақырыбында сыныптан тыс шара өткізілді.
Мақсаты: мақал-мәтел мен жұмбақтар арқылы оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу дағдыларын дамыту, өзара бірлік, жауапкершілік қасиеттерін нығайту.
Сайыс барысында оқушылар ағылшын тілінде мақал-мәтелдерді жақсы меңгергенін көрсетті. Сонымен қатар, жұмбақ шешу кезінде шапшаңдық, тапқырлық таныта білді. Тартысты өткен сайыс нәтижесінде 8″А» сынып оқушылары жеңіске жетті.
Ұйымдастырған: ағылшын тілі мұғалімі Б.А.Мейрханова