«Педагог- ата-ана, педагог -оқушы, педагог-педагог» тақырыбында коучинг
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІНІҢ кезекті отырысыда «Педагог- ата-ана, педагог -оқушы, педагог-педагог» тақырыбында коучинг ұйымдастырылды. Мектеп директоры А.О.Оспанова С.Ковидың «Жасампаздықтың 7 дағдысын» әріптестермен ата-ана, оқушы, мұғалім ретінде талдау жүргізіп, белсенді, ой бөлісу жасалды.Эксперт ретінде педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері, зейнеткер-ұстаздар Сания Амангелдіқызы мен Бақытгүл Шарафадинқызы ұжымдастардың пікірлеріне баға беріп, өз ойларымен бөлісті. Тренинг барысында мұғалімдер арасында командамен жұмыста, сыйластық құндылықтары арта түсіп, ауызбіршілігі жарасқан ұжым екендігі тағы бір мәрте көрініс тапты.