«Айтарым бар!» ток -шоуы

Мектебімізде МИФ апталығы барысында информатика пәнінен 9,10,11 сынып оқушылары, ұстаздар, ата-аналар арасында «Компьютер және денсаулық» тақырыбында «Айтарым бар!» ток -шоуы өтті. Оқушылар пікір алаңына еркін қатысты. Сүбелі сөздерін сүзгіден өткізіп, нақты жеткізіп, тұщымды ойларын ортаға салды. Сұрақ қойып, пікірталасты қыздыра, жандандыра түсті. Оқушылар ойларын қазақ, орыс, ағылшын тілнде де көркем жеткізе білді. Ғылымилығы басым болды. Қорытындылау мақсатында сарапшы ұстаздар мен ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтып өтті. Әрбір пікір қашанда маңызды. Қай нәрсенің пайдасы мен зияны қатар жүреді, қай нәрсені болса да шамадан тыс көп пайдаланғанда зияны бөлінеді. Сондықтан да, пайдалы жағын игеруге тырысып, айтарымыз әрдайым көп болсын!

Өткізген: информатика пәні мұғалімі А.Т. Насамбаева

YouTube player