«THE BEST» интеллектуалды олимпиадасы

«Әлемнің ғажайып үш тірегі» тақырыбында ИФМ апталығы аясында 10 «а» сынып оқушылары арасында жас маман, физика-математика пәні мұғалімі Қалмақанов Арыстанбек Ересетұлының ұйымдастыруымен «THE BEST» интеллектуалды олимпиадасы өткізілді. Мақсаты — оқушылардың жаратылыстану пәндерінің ғылыми негіздерін үш тілде айта білу дағдыларын қалыптастыру, тілді меңгеруге бейімдеу. «THE BEST» интеллектуалды олимпиадасы 3 кезеңді қамтыды: 1. «Warming up» — әр командаға жеке үш тілде сұрақтар қойылды. 2. «True or False» — оқушылар дұрыс немесе бұрыс жазылған тұжырымдамаларды анықтады. 3. «Bonus Task» — оқушылар жылдамдыққа сұрақтарға жауап берді. Қорытынды: 1-ші орынды «Феномен»(Phenomenon) командасы, 2-ші орынды «Арыстан»(Lion) командасы, 3-ші орынды «10 сыныптар»(Sophomores) командасы иеленді.

YouTube player

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *