«Ата-ана жұмысындағы 1 күн»
Мектеп директорының жұмыс жоспарына сәйкес «Ата-ана жұмысындағы 1 күн» тақырыбы аясында 9″а» сынып оқушылары сыныптағы Бердалы Назираның анасының жұмысы «Саз» мектебіне барды. Ата-анамыз Ауашова Ақбөпе құшақ жая қарсы алды. Оқушылармен дидарласып, хал-жағдай сұрасып, қызықты сұрақтарға жауап берді. Қазіргі жасап жүрген қызметінің сүйікті,өзі қалаған мамандығы екенін ұғындық.Көп армандарына білім, білік, еңбек арқылы қол жеткізген бақытты ана, еңбекқор жан екендігін әрбір сөзінен түйдік. Қызмет орнындағы естен кетпес, ең қызықты оқиғасын айтып та таңқалдырып, күлдірді.Аспаптармен таныстық. Өзі оркестр жетекшісі болып, шертер аспабынан дәріс беретін мектебіміздің түлегі Т. Жидехановтың сүйемелдеуімен «Navoi Shark»әнін ансамбльмен орындап берді.Балалар керемет әсерге бөленді. Тіршіліктің түпнұсқасы-еңбек, білім, өнер екенін түсіндік.
Сынып жетекшісі А. Насамбаева