«Шылым бүкіл денеге залал әкеледі, ақыл — ойды бұзады, ұлттарды түгелдей надандыққа әкеледі» тәрбие сағаты

«Құқықбұзушылықтың алдын алу-басты міндет» атты құқықтық онкүндіктің өтуіне сәйкес «Шылым бүкіл денеге залал әкеледі, ақыл — ойды бұзады, ұлттарды түгелдей надандыққа әкеледі» тақырыбында мектеп медбикесі С. Төлегеновамен бірлескен тәрбие сағаты өтілді. Мақсаты: Темекінің ағзаға тигізетін кері әсерін және одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып, зиянды әсерін ашу. Шылым шегудің зиянды жақтарын аша отырып, одан жиіркенуге, темекі — у екенін айтып, тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу. Ситуациялық сұрақтар, жадынама, ақыл-кеңестер айтылды. Бейнекөрсетілім арқылы адам ағзасына зияны туралы мәліметтер берілді.

Сынып жетекшісі: А. Насамбаева

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *