«Колониядан қашқан бала»повесі бойынша оқырмандар конференциясы

«Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет» тақырыбындағы онкүндік аясында 9 «Ә» сыныбында Нұрғали Ораздың «Колониядан қашқан бала»повесі бойынша оқырмандар конференциясы өтті.

Алдымен Бала құқығын қорғайтын конвенция, декларация, заңдар туралы ақпарат берілді. Повесть бойынша оқушыларға жағдаяттар ұсынылды. Сол жағдаяттарға байланысты заң баптарынан түсінік берілді.

Мектеп психологі Ж.Ерғалиеваға Асан мен Спандияр мінездемедегі өзгешеліктердің себебін түсіндіруге, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары:  Ж.Т.Насамбаева мен Б.Б.Ермағанбетовке Асанның директоры мен ұстаздарының орнында болған сәтте сіз не істер едіңіз деген сұрақтар қойылып, жауаптар алынып, пікірлері тыңдалды. Ұстаздар қауымы пікірлерін өз тәжірибелерінде кездескен жағдайлармен және А.С.Макаренконың қиын балалармен жұмыс жасауда жеңіске жету жолдарымен байланыстырады. Тәрбие сағаты Асанның інісіне ұрлық жасама деп айтамын деген ойымен қорытындылана келіп, «Ұрлық-түбі қорлық» екені және сенімнен айырылу адамдықтан ажырау деген пікірмен тұжырымдалды.

Сынып жетекшісі: С.Д.Төлеуова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *