Ғ дыбысы және әрпі
Сабақтың тақырыбы: Ғ дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты: Әріпті таниды, ажыратады, дыбыспен сәйкестендіреді. Әріп элементтерін сақтайды, жазу жолында каллиграфиялық талаптарға сай жазады.
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен бастап, бір- бірімізге сәттілік тілейік.
Кел, балалар күлейік,
Күліп ойнап жүрейік.
Күлкі — өмір ғажабы,
Білім — өмір азығы.
Ал, білімді қайдан аламыз? (кітаптан) Ия. Білімді оқушы еліміздің дамуына өз үлесін қосады. Қазақстан Республикасын әлемге танытады. Ол үшін ойымыз ұшқыр, зымыран сияқты шапшаң болуымыз керек.
-Зымыран дегеніміз не? (Ғарыш кемесі)
-Ендеше бүгін ЗЫМЫРАНМЕН ғарыш әлеміне саяхатқа шығамыз.
-Ғарыш денелерінің сендерге арналған тапсырмалары бар. Сол тапсырмаларды орындау арқылы ұпай жинай аласыңдар. Сабақ соңында көп ұпай (жұлдызшалар) жинаған оқушы ғарышкер сыйлығымен марапатталады.