Ғ дыбысы және әрпі

Сабақтың тақырыбы: Ғ дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты: Әріпті таниды, ажыратады, дыбыспен сәйкестендіреді.   Әріп элементтерін сақтайды, жазу жолында каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар, бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен бастап, бір- бірімізге сәттілік тілейік.

  Кел, балалар күлейік,

  Күліп ойнап жүрейік.

  Күлкі — өмір ғажабы,

  Білім — өмір азығы.

Ал, білімді қайдан аламыз? (кітаптан) Ия. Білімді оқушы еліміздің дамуына өз үлесін қосады. Қазақстан Республикасын әлемге танытады. Ол үшін ойымыз ұшқыр, зымыран сияқты шапшаң болуымыз керек.

-Зымыран дегеніміз не? (Ғарыш кемесі)

-Ендеше бүгін ЗЫМЫРАНМЕН ғарыш әлеміне саяхатқа шығамыз.

-Ғарыш денелерінің  сендерге арналған  тапсырмалары  бар. Сол тапсырмаларды  орындау арқылы ұпай жинай аласыңдар. Сабақ  соңында  көп  ұпай (жұлдызшалар) жинаған оқушы  ғарышкер сыйлығымен марапатталады.

Сабақты көшіріп алу

YouTube player

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *