Дебат турнирі

Мектебімізде 9-сыныптардың ұйымдастыруымен 9,10,11-сыныптар арасында өте тартымды дебат турнирі болып өтті.

БП: Орыс тілін білуді қажет деп санайды және бүгінгі таңда білімді құнды деп есептейді резолюциясын қарастырды.

2022 жылғы үздік дебатёр түлектер Балмағанбетов Исламбек Ақылбекұлы және Дайрабай Ұлман Дайрабайқызы көрермендердің ішінен кез келген екі оқушыны алып, оқушылармен бірге керемет ойын үлгісі ретінде оқушыларға шебер класс көрсетті. Тақырып сол мезетте беріліп, жеребе сол мезетте таңдалынды. БП: «Қазақстанда дамыту керек саланы көрсетеді» тақырыбында ой өрбітіп, сүбелі сөз айтты.

Төрешілер қызметін атқарған мектеп түлектері, дебаттан бірнеше дүркін жеңімпаз атанған 2017 жылғы түлек Бисенбай Нұрлы Бисенбайұлы және 2018 жылғы түлек Сақан Бақдәулет Елжанұлы төрешілік қызметін, 10″а»сынып оқушысы Зайымова Көркем Нұрболатқызы тайм-кипер қызметін атқарды. Нәтижесінде барлық оқушылар марапатталды. Оқушыларға сын-ескертпе мен көптеген кеңестер айтылды.

Сынып жетекшілер: С.Төлеуова, А. Насамбаева

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *