«Заттың атын білдіретін сөздер.» Теңге алу»ойыны» тақырыбындағы ашық сабақ

АШЫҚ САБАҚТАР
12.04.2023ж 1″Б»сыныбында ана тілі пәнінен «Заттың атын білдіретін сөздер.» Теңге алу»ойыны»тақырыбында ашық сабақ болып өтті.

Мақсаты: 1.2.5.1 Мәтіннің, суретті сюжеттің мазмұны бойынша сұраққа жауап беру, заттың атын білдіретін сөздерді табу. Ұлттық ойындарды өскелең ұрпаққа насихаттау.

Сабақ барысында оқушылар «Банкомат», «Чипсы»әдістері арқылы тапсырмаларды қызыға орындап,білімдерін ортаға салды. Сабақта аудио тыңдалым, жазылым, айтылым жұмыстары жүргізілді. «Теңге алу» ұлттық ойыны туралы мәлімет бере отырып, сергіту сәті кезеңінде оқушылар ойынды қызыға ойнай отырып, тапсырмалар орындады. Дәптермен жұмыс жүргізіліп, оқушылар шығармашылық тапсырма орындады.

Сабақ соңында » Ұстазға хат» әдісі арқылы оқушылар смс жазу арқылы сабаққа кері байланыс жасады.

Сынып жетекшісі: Бақтыбаева Г. С

YouTube player