«Әлемдегі ірі кітапханалар»

6-сыныпта қазақ тілі пәні бойынша «Әлемдегі ірі кітапханалар» бөлімінде Қазақстандағы, әлемдегі кітапханалар туралы ақпарат беріледі. Оқушыларды тұрғылықты жердің кітапхана тынысымен таныстыру үшін қаладағы №1 кітапханаға экскурсия жасалынды. Кітапханашы Ш. Естурина кітапхана өмірімен таныстырып, тарихына шолу жасады. Рет-ретімее жиналған сөрелердегі кітаптармен таныстырды. Кітаптың адам білімін дамытудағы қызметін атап өтті. Сонымен бірге жазушылар Қ. Қайсенов, Ә. Таразидің шығармашылығымен кеңінен таныстырды.

Кешегі оңтайландыру кезінде кітапхананы кітапханашы Тілек апайдың өз мамандығын шексіз сүйгендіктен қиын кезеңде еңбекақысыз еңбек етіп, кітапхананы сақтар қалғаны еске алынды. 20 мыңға жуық кітап қоры жинақталған кітапхананың халыққа әлі де рухани азық беретін мекемеге айналары анық.