«Біліктілікті арттыру-педагогтің кәсіби құзіреттілігін дамытудың негізгі факторы» тақырыбында семинар

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ
Бүгін мектебімізде «Біліктілікті арттыру-педагогтің кәсіби құзіреттілігін дамытудың негізгі факторы» тақырыбында семинар болып өтті.Семинардың мақсаты-біліктілік арттыру курсына барып келген педагогтердің іс-тәжірибесін ортаға салу, мұғалімдердің білім,білік дағдыларын арттыру. Жақында ғана біліктілік арттыру курсына барып келген әріптестеріміз ,тарих және құқық пәндері мұғалімдері Құрманалина Жанымгүл мен Мадияров Серікбай өздерінің курстан үйренген іс-тәжірибелерімен бөлісті. Соңынан мұғалімдер тақырыпқа байланысты туындаған сұрақтарды талқылап, өз пікірлерін білдірді.