«Бірлесе оқу: мәселе, ізденіс, келешек» тақырыбында семинар

«Руханият «желілік қоғамдастығы серіктес мектептер арасында «Бірлесе оқу: мәселе, ізденіс, келешек» тақырыбында семинар өткізді.

Семинардың мақсаты:
— білім беру саласындағы жаңа әдістерді оқыту барысында қолдану, тәжірибесімен бөлісу;
— педагогтар арасындағы бірлесе оқып, ізденуді дамыту.

Семинар барысында Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ-тің директоры Оспанова А.О., тарих пәнінің мұғалімі Мадияров С.С., биология пәнінің мұғалімі Сейітқалиева Г.Ш., ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Еркебаева А.Д.,Сағынаева А.О.,физика пәнінің мұғалімі Ақсейтімова А.А.,информатика пәнінің мұғалімі Насанбаева А.Т., бастауыш сынып мұғалімдері:Ешниязова М.М.,Тайтенова А.Ә., МАД тобының тәрбиешісі Әкімгеерева. М.К., ашық сабақтар өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға Шоқысу негізгі мектебінің мұғалімдерімен бірге Шалқар аудандық білім бөлімінің әдіскері Н.Н.Жақсыбаева, 33 дара бастауыш мектебінің мұғалімдері қатысып, ой пікірлерін бөлісті.

«Руханият желілік қоғамдастығының жетекшісі С.Д. Төлеуова.