«Мамандық таңдау-маңызды шешім» тақырыбында шебер-сынып

Кәсіптік бағдар беру апталығына орай «Мамандық таңдау-маңызды шешім» тақырыбында 9-сынып оқушыларымен шебер-сынып өтті.

Қонақ ретінде Шалқар аграрлық техникалық колледжінің шеберлері шақырылды. Атап айтсақ, Жанганашова Балзада Антагалиевна тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері, Құдайбергенов Нұрлан Хамидуллаұлы электромонтер мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері, Тулегенова Бибинур Муканбетсапаевна кәсіпкерлік қызмет негіздері пәні оқытушысы келген болатын.

Өздерінің іс-тәжірибелерімен, аспаздық, электромонтерлік кәсіптеріндегі түрлі лайфхактармен бөлісіп, оқушыларға көрнекі түрде шебер-сынып көрсетті. Балзада Антагалиевна оқушылардың қатысуымен балмұздақ жасау тәсілін көрсетсе, Нұрлан Хамидуллаұлы құрылғылар мен электр жабдықтарынан шырағдан, жарық шамдар жасаудың әдіс-тәсілдерін үйретті. Бибінұр Муканбетсапаевна кәсіпкерлікті дамыту жолдарын егжей-тегжей түсіндірді. Сұрақ-жауап арқылы кездесуді жандандырып, қатысушылардың қызығушылықтарын оята білді. Болашақта негізгі мамандықпен қатар қосымша кәсіп үйрену нарық талабы екендігі түсіндірілді. Қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтардың әркімнің өз қажеттілігін өтеуде қызметі ерекше екендігі айтылып,ой тізгінін ағытты. Керемет, адам өміріне қажетті дүниелерді өз қолдарымен жасап, жақсы ой түйді.

Ұйымдастырған: 9-сынып жетекшілері: С. Төлеуова, А. Насамбаева