МЕМОРАНДУМ

Ақтөбе қаласындағы #78 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы мен Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ басшылары меморандумға қол қойды.

Аудан тарихында бірінші рет білім ордаларының өзара ынтымақтастықта келіссөз жасауы жүзеге асып отыр.

Білім мен тәрбиенің өзектілігіне негізделген меморандум 3 жыл мерзімге жасалды.
Шараға #78 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының директоры@gymnasium_school_78 Сейтмағанбетова Жанар Есенғосқызы, «Жанталас» театры және жетекшісі қатысты.
Мектептегі қуыршақ театры, «Мың бала» әскери-патриоттық клубы, ата-аналар кеңесі өз өнерлерін көрсетіп, қонақтардың ілтипатына бөленді.

Шараның мәртебелі қонағы Шалқар аудандық білім бөлімінің бас маманы Бекетова Жансәуле Әбілқайырқызы @shalkarbilim екі білім ордасының игі бастамасына сәттілік тіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *