Жаһандану заманында жаратылыстану пәндерін үш тілде оқытудың тиімділігі» атты шығармашылық шеберхана
Бүгін «Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ» КММ-де облыстық «Жаһандану заманында жаратылыстану пәндерін үш тілде оқытудың тиімділігі» атты шығармашылық шеберхананың жұмысын қорытындылау мақсатында аудандық семинар-конференция болып өтті. Семинардың басында шеберхана жетекшісі Садыбекова Айнаш Ермекқызы осы бағытта жүргізілген жұмыстарға шолу жасады. Семинар-конференция үш тілде жүргізілді. Биология пәнінен 8,11 сынып оқушылары терминдермен жұмыс жасап, «Каһооt» платфомасымен тапсырмалар орындады.(Жетекшілері: Б.Ермағанбетов, Г.Сейтқалиева).
Информатика пәні бойынша 9 сынып оқушысы Мұратбек Бекнұр «Пайгейм жұмысы» атты өзі жасаған жобасын орыс тілінде , 11 сынып оқушысы Дүйсенбиев Олжас «Ақпараттар көзі-сайт» атты жобасын ағылшын тілінде қорғады. (Жетекшісі: А.Т.Насамбаева)
Жас маман Қалмақанов Арыстанбек «Жас маманнан жаңа әдістер» тақырыбында жаңа платформалар мен тиімді әдістерді пайдалану арқылы аудиториямен жұмыс жасап, шебер-класс көрсетті.
Химия пәнінен 10 сынып оқушылары Маманов Шүкір, Аманжолова Салтанат, Зайымова Көркем, 9 сынып оқушылары Жансерік Ерасыл, Мирамбекова Жанерке, 8 сынып оқушысы Жеткерген Зере химиялық эксперименттер жасап, тәжірибенің жүру барысын ағылшын тілінде түсіндірді. (Жетекшісі: А.Е.Садыбекова). Соңынан аудандық білім бөлімінің бас маманы Ж.Ә. Бекетова мен әдістемелік құрылымдық бөлімшенің әдіскері Н.Н.Жақсыбаева кері байланыс жасап, ризашылықтарын білдіріп, семинарды қорытындылады.