Электрик қызметіне бос орын туралы конкурс

Ақтөбе облысы білім басқармасы Шалқар аудандық білім бөлімі «Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ» КММ электрик қызметіне конкурс жариялайды

«Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ» КММ  қызметкерлері конкурстық негізде жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпанындағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізілетінін хабарлайды.

Мектепке бос лауазым туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталығының «enbek.kz» сайтына және мектептің инстаграм «alibi_jangeldin_mektebi» және фейсбук парақшаларынын, мектеп сайтынан «https://jangeldin.edu.kz» көруге болады;

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап, екі апта ішінде жүргізіледі. Қабылдау комиссиясының отырысы 04 қазан күні өтеді.

Бос орын:
Электрик – 1 бірлік, тұрақты (380В жұмыс істеуге рұқсат құжаты болуы қажет).

Лауазымдық міндеттері:

  • Ғимараттағы электр энергиясының толыққанды жұмыс жасауын қаматамасыз ету, қадағалау;
  • Ғимаратта сымдардың оқшаулануын тексеру;
  • Ғимаратта сақтандырғыштар және басқа электрлік компоненттерді орналастыру;
  • Жұмыс ерекшеліктеріне негізделген электр сымдарын, жабдықтарды және қондырғыларды орналастыруды жоспарлау және орнату;
  • Қауіпсіздік стандарттары мен ережелерін сақтау.

      Білуге тиіс:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» заңдары:
  • Еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Қажетті құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды: 

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 

5) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 

7) наркологиялық ұйымнан анықтама;

8) соттылығының болуы\болмауы туралы анықтама;

9) 380В жұмыс жасауына рұқсат беру туралы құжаты.

Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады.

Көрсетілген құжаттар тізбесіндегі біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурстық комиссия  сағат 9.00 —ден 18.00— ге дейін өткізіледі.

Мекен-жайы: Ақтөбе облысы Шалқар қаласы Ю.Гагарин көшесі 27 ғимарат

Байланыс құралдары:

            Тел/Факс: 8 71335 21 145

+7 777 120 0030 (Ергөбек завхоз)

E’mail: jangeldin.kz@yandex.ru

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *