«БП жапондық білім беру жүйесі қажет деп есептейді» тақырыбында дебат турнир

ЖАС МАМАНДАРМЕН ЖҰМЫС
«Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ»КММ-де жас мамандар арасында «БП жапондық білім беру жүйесі қажет деп есептейді» тақырыбында американдық парламенттік форматта дебат турнирі болып өтті. Ойын өте тартысты өтті. Екі команда да өздерінің нақты фактілері мен аргументтерін келтіре отырып, өз позицияларын шебер қорғай білді. Нәтижесінде «Білімді ұрпақ» , яғни оппозиция тобы жеңіске жетті.

Математика пәні мұғалімі Сарина Назгүл турнирдің «Үздік спикер» марапатына ие болды.