Еңбекпен жеткен мұратқа Ұстаздың жолы-дара жол » атты кеш

ДАРА ЖОЛ.

«Еңбекпен жеткен мұратқа Ұстаздың жолы-дара жол » атты кеш Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ-нің шебер педагогі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Төлеуова Сая Дәулетқызының шығармашылық қызметіне арналды.

Бала Сая, студент Саяның монологінен басталған көрініс ұстаз Саяның қошеметпен ортаға шақырылуына ұласты. Сөз басын Сая апай бала кезде мұғалім боп ойнайтындығынан, қызықты оқиғалардан бастады. Бойындағы жақсы мінез ата-ананың жыр-дастанды көп айтуынан, Жаниязовтай ұстаздың білімінен, кластас достарының жанашырлығынан екендігіне тоқталды.

Сұхбат алаңына Сая апайдың педагогикалық қырын ашу үшін ҚР Білім беру ісінің үздігі, зейнеткер ұстаз Күлай Тынымбайқызы, мектеп директоры Алия Оспановна, ұстаздық болмысын ашу үшін шәкірті әрі әріптесі Мұхтар Бегежанұлы отбасындағы көшбасшылығын айқындау үшін досы әрі әріптесі Айнагүл Қансейітқызы шақырылды. Әдемі әңгіме, әсерлі пікір көрерменді баурап алды. Сөз арасында апайдың ұстазы Ә.Жаниязов ағайдың ұлы — Нұрхат Әбдіжәлиұлының; Шәкірті, С.Демирель атындағы университеті ф.ғ.докторы Г.Нұрманованың; шетелде білім алып жатқан баласы Жанеркенің бейнеқұттықтауы көрсетілді. Апайдың ізбасар шәкірттері, қазіргі таңда Ақтөбеде еңбек етіп жүрген Н.Аймаханова, Г.Темірғалиева, Н.Тақаевтың атынан ықылас гүлдер табысталды. ҚР «Ерлігі үшін» медалінің иегері, апайдың шәкірті Н.Жидеханов, апайдың бауыры Ж.Дәулетова тікелей желіде байланысқа шығып, құттықтап, жыр-шумақтарын ұсынды. Сыни ойын ойнатылып, кеш иесінің өміріне қатысты ақпараттар қамтылды.

Озық педагогикалық тәжірибелері, оқушыларының шығармашылық жұмыстары, кәсіби байқауда қол жеткізген жетістіктері бойынша жылжымалы және жанды көрме ұйымдастырылып, шолу жасалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *