«Үздік қысқа мерзімді жоспар» атты жас мамандар байқауы

ЖАС МАМАНДАРМЕН ЖҰМЫС
«Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ» КММ-де жас мамандар кураторы, мектеп директорының оқу жөніндегі орынбасары А.Е.Садыбекованың ұйымдастыруымен «Үздік қысқа мерзімді жоспар» атты жас мамандар байқауының осы аптада 2-ші практикалық кезеңі басталды.

Мақсаты-жас мамандарға сабақты тиімді жоспарлау бойынша әдістемелік шеберлігін арттыру. Бұл кезеңде жас мамандар 1-ші кезеңде қорғаған сабақтарын ашық сабақ түрінде өткізеді. Бүгін ағылшын тілі пәні мұғалімдері Мейірханова Аяжан, Сағынаева Аружан және орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жубанова Улжанның сабақтары болып өтті. Жас мамандардың сабақтарына тәлімгерлері де қатысып, тәлім алушыларының кәсіби өсу деңгейін зерделеді. Әр сабақ сайын кері байланыс жасалып, жастарға әдістемелік көмек берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *