«Сөнбес сәуле» тақырыбында ғибратты кездесу

20 қараша марқұм мектеп ұстазы, «Еңбек үздігі» медалінің иегері Сүлейменов Сапарғали Бақытқалиұлының туған күні еді. Ұстаздың 60 жылдық мерейтойына орай «Сөнбес сәуле» тақырыбында көзкөрген әріптестерімен, бауырларымен ғибратты кездесу болды. Кеш қонақтары:

  1. Сапарғали ағай еңбек еткен тұста мектеп директоры қызметін атқарған зейнеткер ұстаз, ҚР Білім беру ісінің үздігі Күлай Тынымбайқызы;
  2. Ағаймен бірге шығармашылық жұмыстар атқарған әріптесі Сабыр Бердімжайұлы;
  3. Ағайдың әріптесі, замандасы, бір бірлестікте қызмет еткен Берден Жалғабайұлы;
  4. Сапарғали ағайдың үлкен ағасы Аманғали Бақытқалиұлы;
  5. Ағайдың бала кезден бірге өскен кластас досы Нұрлан Үбашұлы;
  6. Ағайдың рухани досы, құрдасы Айнаш Ермекқызы;

    Ағайдың өнер саласында жүрген інісі Манарбек Аманғалиұлы қатысып, естеліктермен бөлісті.
    Сапарғали Бақытқалиұлының отбасында өнерлі, еңбекқор бала боп өскендігі, Сүлейменовтер отбасының өнерге деген сүйіспеншілігі, еңбек жолында мектептің алғаш рет республикалық «Жасыл ел» жоба конкурсында жүлдегер атануына ағайдың идея тастап, бастама жасағаны, әр ісіне жауапкершілікпен қарайтындығы, азаматтық істері, адамгершілігі, достардың ортасында беделді, жанашыр дос бола білгендігі туралы әсерлі естеліктер айтылды.
    Кешті мектеп директоры Алия Оспановна ашып, ағайдың ағалық қасиеттерін жоғары бағалайтынын айтты.
    Кеш барысында технология пәні бойынша облыстық ғылыми жоба, конкурстарда жүлдегер атанған Америка, Қарағанды қалаларында еңбек етіп жүрген ағайдың шәкірттері сөз алып, тыңдарманды толқытты. Эстетика бірлестігіндегі әріптестері Сапарғали ағайға құрметтерін көрсетіп, сағынышқа толы күй мен ән орындады, рухани досы, замандасы Айнаш Ермекқызы арнау өлеңін оқыды.
    Ағайдың сүйікті әні, Ш.Қалдаяқовтың «Қайықта» әнін, кешке қатысушы жандардың бәрі караокемен шырқады.
    Бұл әнді ағайдың жақсы көруінде де үлкен философиялық мән бар секілді. Осы әнді орындағанда ағайдың мәдениетті, кішіпейіл, бәріне қолдау білдіруге даяр ақжелең болмысы көз алдыңызға елестейді. Әттең-айы өмір атты теңіздің ескегін жағалауға ерте қалдырды.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *