«Әке-тірек,ана-жүрек,бала-тілек» отбасылық сайыс
АПТАЛЫҚТАҒЫ ЖҰМЫСТАР
23.02.2024ж
Бастауыш сынып мұғалімі С.С. Аманжолованың ұйымдастыруымен 1-4 сыныптар арасында «Әке-тірек, ана-жүрек, бала-тілек» отбасылық сайыс өтті.
Сайыстың мақсаты: Отбасы татулығы, ата-ананың баласының тәрбиесіндегі ролі, баласы арасындағы байланыс, бір-бірімен бірлесе отырып, ұжымдасқан түрде, белсенді қабілетті мол үлгі көрсетерлік бәсекеге қабілетті отбасы болуларына ынталандыру.
Сайыс кезеңдері:
- Таныстыру;
- -Отбасылық өнер;
- -Сұрақ-жауап.
Сайысқа қатысушылар арасынан баршаны өнерімен тәнті еткен 3 «А» сыныбының Бахытбековтер отбасы «Бас жүлдені» иеленді. Қалған қатысушылар І, ІІ, ІІІ орынмен марапатталды.