«Пайдалы қазбалардың түрлері» тақырыбында ашық сабақ

«Білім басы бастауышта қаланар, білемменен әлемге жол салынар» атты бастауыш сыныптар апталығында Бақтыбаева Гүлсім Санақбайқызы 4″Ә»сыныбында жаратылыстану пәнінен «Пайдалы қазбалардың түрлері» тақырыбында ашық сабағын өткізді.

Мақсаты: Пайдалы қазбалардың түрлерімен танысу. Олардың өндірілетін әдістерін меңгеру.
Сабақта оқушылар пайдалы қазбалардың түрлерімен таныса отырып, тәжірибе жасай білді. Сабақта мұғалім қызықты әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың қызығушылығын оятты. Сабаққа оқушылар белсенді қатыса білді.