“Fun places” тақырыбында ашық сабақ

Бүгін “Жаңашылдығымен танылған жас маман” атты жас мамандар апталығының аясында “Fun places” тақырыбында, 3 “Ә” сынып оқушыларына ашық сабақ өтті.
Сабақ мақсаты:

  • оқушыларға қызықты орындардың атауларын ағылшын тілінде айтып үйрету
  • ⁠өз қаласындағы қызықты орындармен таныстыру
  • ⁠өздерінің бос уақыттарында қайда барғанды ұнататындарын ағылшын тілінде айту.

Сабақ барысында ойын технологиялары, жеке, жұптық жұмыстар жүргізілді. Әр оқушы қызықты тапсырмаларды өз деңгейінде, уақыттан аспай орындап шықты. Тақырып қызықты болуына байланысты оқушылар белсенділік таныта білді. Тақырыпты толық түсінгендіктерін көрсету үшін бағдаршамның жасыл түсін көтерді.

Пән мұғалімі: А. Сағынаева

YouTube player

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *