«Көшбасшы» интеллектуалдық сайыс

Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін-математика. Осы орайда, мектеп директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары З.М.Балымбетованың ұйымдастыруымен 2-сыныптар арасында «Көшбасшы» интеллектуалдық сайыс болып өтті.

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың математикадан алған білімдерін зерделеу. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, саралау. Ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.

Сайысқа 2-сынып оқушылары алған білімдерін көрсете отырып, қызыға, белсене қатысты. Нәтижесінде 2″Б»сынып оқушысы Майарам Нұрали «Көшбасы» атағына ие болып, l дәрежелі дипломмен және 1000 теңгелік сертификатпен марапатталды. Қалған қатысушыларға 500 теңгелік ынталандыру сертификаттары табысталды. Құттықтаймыз!