Қауіпсіздік ережелері

Балалардың жарақат алу жағдайларын, оның ішінде электр тогының соғуын болдырмау үшін, сіздерден балаларды қауіпсіздік ережелеріне оқытуға ерекше назар аударуды сұраймыз.

Міне, осынау қағиданың негізгі талаптары:

  • электр шкафтарының, құрастырмалардың, қалқандардың есіктерін ашпау керек;
  • ТП мен РП-ға жақындауға немесе қол тигізуге, олардың ішіне кіруге, сондай-ақ шатырға көтерілуге болмайды;
  • кабельдік және әуе электр беру желілерінің құлаған және үзілген жалаңаш сымдарына жақындамау және тиіспеу керек;
  • электр беру желілерінің астында ойнамау, «әуе жыландарын» жібермеу, кернеудегі электр қондырғылары мен жабдықтың жанындағы орындарды ойын үшін пайдаланбау;
  • сымдарды есікпен, терезе жақтауларымен қыспауға, оқшаулауға зақым келтірмеу және қысқа тұйықталу болмас үшін сымдарды шегеге бекітуге болмайды;
  • аспаптарда немесе сымдарда электр тогының бар-жоғын саусақпен тексеруге болмайды;
  • балалардың розетканың жанында ойнауына, оларға түйреуіштер мен шпилькаларды тығуға, сымдарды тартқылауға жол бермеу керек, өйткені бұл электр тогының соғуына әкелуі мүмкін;
  • құрылғыларды қосу және өшіру кезінде штепсельдік ашаны сымнан емес, пластмассалық қалыптан ұстау керек.