Оқытудағы сабақтастық

Оқытудағы сабақтастық алдыңғы сатыдағы оқушылардың білім, білік және дағдыларын оқытудың келесі сатысында кеңінен қолдануды және әрі қарай жетілдіру, дамыта түсуді көздейді. 4 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуін зерделеу мақсатында мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері мен болашақ сынып жетекшілері сабақтарға қатысып, оқушылармен танысуда. Мектеп әкімшілгі 4 «а» сынып жетекшісі Асылова Майраның қазақ тілі сабағына қатысып, оқушылардың білім, білік, дағдыларын зерделеді.