ПЕДКОНСИЛИУМ

ПЕДКОНСИЛИУМ
Білім алушылардың бастауыш сыныптардан орта мектепке ауысуы педагогикалық -психологиялық тұрғыдан қиын мәселелердің бірі болып саналады. Оқушылар мектепке, мұғалім талабына, сыныптастарына үйренсе де, бейімделу проблемасы бар. Олар қайтадан жаңа әлеуметтік -психологиялық жағдайға тап болады: жаңа сынып жетекшісі, әр түрлі пән мұғалімдері, түрлі талап.
Мектеп әкімшілігі ай бойы 5 сынып білім алушыларының бейімделуін зерделеді. Сонымен қатар зерделеуге пән мұғалімдері, бастауышта сабақ берген мұғалімдері, мектеп психологі, әлеуметтік педагог, дефектолог, сынып жетекшілері де тартылды. Бүгін осы үдерісті қорытындылау барысында педконсилиум болып өтті. Педконсилиумда қатысушылар өз пікірлерін айтып, соңынан ұсыныстар қаулыға енгізілді.