САБАҚТАСТЫҚ

САБАҚТАСТЫҚ
Білім берудегі сабақтастық оқушының бір білім деңгейінен екіншісіне ауысқан кезінде психологиялық және педагогикалық дайындығын қалыптастыруға бағытталып, толыққанды дамуын қамтамасыз етеді.

Оқытудың сабақтастығын жүзеге асыру орта және бастауыш деңгейдегі педагогтер арасында әдістемелік өзара іс-қимылды жолға қоюды көздейді.

Бүгін 4 сынып оқушыларының бастауыш сыныптан негізгі мектепке бейімделуін зерделеу қорытындысы ретінде педконсилиум болып өтті. Педконсилиум барысында 4 сыныптардың жетекшілері М.Асылова мен Г.Бақтыбаева білім алушылардың сабақ үлгерімі, психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері, жетістіктері туралы сипаттама берді. Болашақ негізгі мектепте сабақ беретін пән мұғалімдері оқушылардың білім мен білік дағдылары туралы өз пікірлерін білдірді.
Болашақ сынып жетекшілері А. Әбдіғалиева мен Ж.Бигелдинова сынып оқушылары туралы жақсы көзқарас қалыптасқандығы туралы мәлімдеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *