«ЖАУҚАЗЫН» ҚЫЗ БАЛАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

«Ә. Жангелдин атындағы ЖОББМ» КММ-де қыз тәрбиесі -қоғам тәрбиесі екенін тереңірек түсіндіру мақсатында «Жауқазын» қыз балалар клубының мүшелерімен «Қызым, сен тыңда!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің медбикесі — Әбдікәрімова Зәмзәгүл Закарияқызы қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы және жасөспірім қыздар арасында кездесетін ерте жүктіліктің салдары жайлы түсіндірме жұмыстарын жасап,толық ақпарат берді.
✅Аудандық аналар кеңесінің төрайымы — Бекетова Маржан Қалдауқызы «Қыз еркем-қылығымен көркем» тренингімен жалғастырып, мектеп жасындағы қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат беріп, қыздардың сырласы анасы болғандықтан, анасынан ешқандай сыр жасырмау керек екендігін баса айтты.
Сонымен қатар Мектепішілік аналар кеңесінің мүшесі — Қожахметова Гүлшат Егізбайқызы қыздардың кешкі уақытта үйден шықпауын, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде отырмауын тапсырып, кеңестерін берді

✅Жиналыс соңында қамқоршылық кеңесінің төрайымы, мектепішілік аналар кеңесінің мүшесі көпбалалы «Күміс алқа» иегері — Изтлеуова Роза Бибиталиевна қыздарға кешкі уақытта қыдырмау, өзін дұрыс ұстау, ерсі қылықтар жасамау керектігін айтып өтті.

✅Қыз баланы тәрбиелеу — ұлтты тәрбиелеу. Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне арнауда ақпарат беру мақсатында өткізілген жиналыста еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *