«Тарихи тұлғалар» атты жанды көрме

Әрбір халықтың ұлы тұлғалары бар екені баршаға мәлім. Олар өз елінің мақтаныштары және сол елдің тарихын жасаушы тұлғалары. Түріктер Мұстафа Кемалды, мажарлықтар Шандор Петефиді, немістер Гетені, қытайлықтар Конфуцийді, үнділер Тагорды, өзбектер Науаиды, орыстар Пушкинді, ағылшындықтар Шекспирді, америкалықтар Джордж Вашингтонды, әзірбайжандар Низамиді, түркімендер Мақтымқұлұлын, аустриялықтар Моцартты, моңғолдар Шыңғысханды, қазақтар Абайды ұлылық деңгейіне көтерді. Есімдерін ұрпақ санасына сіңіртті.
Қазақта ұлт тағдырын өз тағдырынан биік қойған ұлы тұлғаларымыз жетерлік. Олардың халық жадында есімдері жаңғырып, үлгі болып та келе жатыр.
Тарихқа сәл шегініс жасасақ, әр ғасырда қазақ ұлтының ертеңі үшін туған ұлы тұлғалар, жаужүрек батырлар, дана би-шешендер, ел бастаған көсемдер, ақын-жазушылар жетерлік.
Мектебімізде «Ұлттық тәрбие ұлт болашағы» атты тәрбие апталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Тарихи тұлғалар» атты жанды көрме ұйымдастырылды.
Абай Құнанбаев — 11”А” сынып оқушысы Төреханов Нұржігіт;
Құрманғазы Сағырбайұлы — 9”А” сынып оқушысы Жансүгір Әнес;
Махамбет Өтемісұлы — 11”А” сынып оқушысы Ырзабаев Әлішер;
Әлия Молдағұлова — 11”А” сынып оқушысы Зайымова Көркем;
Мәншүк Маметова — 11”А” сынып оқушысы Мұратова Арайлым;
Шара Жиенқұлова — 9 “А” сынып оқушысы Жанділда Асылым рөлдерін сомдады.

Ұйымдастырушы мектеп психологі: Ж.А.Ергалиева