«Айналмалы фигуралар» шеберлік сағаты

Эстетикалық пәндер бірлестігі апталығы аясында 18 қазан күні көркем еңбек пәні мұғалімі Д.Жаныкулованың шеберлік сағаты өтті.

Тақырыбы: Айналмалы фигуралар

Мақсаты: Оқушыларға айналмалы фигура құрылымын таныстыру және оны өз қолдарымен жасауға үйрету. Қолданбалы қолөнер дағдыларын дамыту.
Тапқырлық пен логикалық ойлауды дамыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.