«Өлең, мен сені аялап өтем…» тақырыбында әдеби жыр кеші

14.11.24ж. «Тіл татулық тірегі» атты тілдер апталығына орай 9-10 сыныптар арасында көптеген жыр жинақтарының авторы «Құрмет» белгісі, «Парасат» орденінің иегері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ақын Ф.Оңғарсынованың 85 жылдық мерейтойына арналған «Өлең, мен сені аялап өтем…» тақырыбында әдеби жыр кеші өткізілді.

Кештің мақсаты жас ұрпаққа ақын шығармашылығын таныстыра отырып, оларды адалдыққа елін, жерін сүюге, ана тілін құрметтеуге ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Кеш барысы Жансүгір Әнестің орындауындағы «Адай» күйімен басталып, Ф.Оңғарсынованың ойлы жырларымен өрнектелді. Кеш мазмұны ақынның есімінің сыры, балалық шағы, мінез-болмысы және прозалық шығармаларындағы үзінділер арқылы кестелене түсті. Ақын сөзіне жазылған әсем әндер көрермен көңіліне жылы әсер қалдырды. Ақын шығармашылығының сан қырлары ашылып, оқушылар сөз құдіретінің ерекше қасиетін танығандай болды.

Өткізген: С.Д.Төлеуова, Ж.Қ.Бегилдинова