“Өмірзая” романындағы заман көрінісі” тақырыбында ашық сабақ

15.11.24ж. Апталық аясында 11”А”- сыныбында “Өмірзая” романындағы заман көрінісі” тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

11.1.3.1.көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау және даралау арқылы өмір шындығын көрсету;

11.2.4.1.әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс жасау;

“Сұрақтар бұрқасыны” арқылы өткен сабақтарға шолу жасалды. “Өмірзая” трагедиясынан және аудиокітаптан үзінді алынып, талдау жасалды. Оқушылар дескрипторды өздері құрып, әр тапсырма сайын кері байланыс жасап отырды. Жұптық тапсырмада білім алушылар эпизодтарды бүгінгі өмірмен байланыстырып, шығармадағы заман көрінісіне баға берді, пікірін мысалдармен дәлелдеді.
Кейіпкерлерді даралау және бүгінгі сабақтан түйген тұжырымды ойларын ортаға салу мақсатында өздері қалаған бір кейіпкердің образында заман шындығын баяндап, монолог оқыды.
Кері байланыс, рефлексия жасап, сабақта қол жеткізген табыстары мен қобалжып, құлшынысы артқан тұстарын ашып айтты.

Сабақта өзін өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы үндесе жүзеге асты.

Пән мұғалімі: Ж.Т.Насамбаева