“Отбасындағы әйелдің рөлі” тақырыбында дөңгелек үстел
27-қараша күні мектебімізде “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” халықаралық акциясы аясында Шалқар аудандық аналар кеңесінің төрайымы Бекетова Маржан Қалдауқызы, “Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ” КММ аналар кеңесінің төрайымы Естурина Шамшырақ Байғалиқызы және мектепішілік қамкоршылық кеңесінің төрайымы Ізтілеуова Роза Бибиталиевнаның қатысуымен “Отбасындағы әйелдің рөлі” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шарада қоғамдағы маңызды тақырыптар талқыланып, арт терапия, сергіту жаттығулары жүргізілді.
Ұйымдастырған: бастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымы А.И.Нұрымбетова
мектеп психологі Ж.А.Ергалиева
Ұйымдастырушы педагог Б.С.Құдайбергенова