Физика пәні мұғалімі бойынша бос жұмыс орны

Физика пәні мұғалімі бойынша конкурс жарияланады.

«Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ» КММ
Мекен-жайы: Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Гагарин көшесі №27 ғимарат
Байланыс номері: 8 71335 21145

Электрондық поштасы: jangeldin.kz@yandex.ru

Физика пәні мұғалімінің 10 сағаттық бос лауазымдық уақытша орнына конкурс жарияланады.
Бос лауазымға орналасуға үміткер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлер лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына» сәйкес біліктілік сипаттамаларына сәйкес келуі тиіс. Құжат мұғалімге жүктелетін міндеттерді белгілейді.

Жалақы мөлшері: 150 000 теңге жалақы мөлшерінде, жалақы талапкердің біліктілігіне және педагогикалық өтіліне байланысты.
Еңбек жағдайлары: еңбек шартымен анықталады.
Байқау мерзімі 14.08.2025 бастап 18.08.2025 дейін.
Конкурсқа құжаттар қағаз жүзінде жұмыс күндері сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін қабылданады.