«Махамбет оқуларының» республикалық кезеңі

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРС

«Махамбет оқуларының» республикалық кезеңінде «Ел құтқарар ер едім…»бағыты бойынша Ақтөбе облысы атынан қатысқан «Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ» КММ-нің 9-сынып оқушысы Қарабасова Айкөркем Артурқызы ерекше өнер көрсеткені үшін «Грамота» иеленді.
Айкөркем ақынның 40 өлеңін жаттап, кез келген тұсынан бөліп сұраған қазылар алқасының сынынан сүрінбей өтті. Ерекше мәнермен оқыған дауыс ырғағы көрерменді тәнті етті.
Конкурсқа дайындаған ұстазы Төлеуова Сая Дәулетқызы мен дарынды оқушы Айкөркем Артурқызына шығармашылық табыс тілейміз!