«Қысқа мерзімді жоспар жазудың қиындығы неде?» дөңгелек үстел
ЖАС МАМАНМЕН ЖҰМЫС 📚
«Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ » КММ-де жас мамандар дөңгелек үстел басында «Қысқа мерзімді жоспар жазудың қиындығы неде?» тақырыбында ой-пікірлерін ортаға салды.
Мақсаты: нәтижеге бағытталған сабақты тиімді жоспарлау.
Жас мамандар қысқа мерзімді жоспар бойынша «ББҮ» әдісімен ойларын білдірді.
Практикалық жұмыстар жасады, өзара талқылады.
Тайм-менеджмент тиімділігі, дескриптор құру, рефлексия мен кері байланыс айырмашылығы т.б. бойынша нәтижеге қол жеткізу қадамдарын талқылады.
Ұйымдастырушы- директордың оқу жөніндегі орынбасары Ж.Насамбаева
