«Көпмүшені көпмүшеге бөлу» тақырыбындағы сабақ
10 «А» сыныбында «Lesson study» тәсілі бойынша «Шабыт» тобының жетекшісі Альмуратова Гулжан бастаған топтың мүшесі, математика пәні мұғалімі Жұмекенова Әлия «Көпмүшені көпмүшеге бөлу» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақтың басында мұғалім М.Мақатаевтың 90 жылдығына орай ақынның өлең жолдары арқылы оқушыларды 3 топқа бөліп, тақырыпқа сәйкес тапсырмалар берді. Оқушылармен жеке, топтық жұмыстар жүргізіп, нысанадағы оқушылардың тапсырманы сәтті орындауына мүмкіндік беретін тиімді әдістерді пайдаланды. Қатысушы мұғалімдер оқушылардың тапсырманы орындау деңгейін бақылап, олардың сабақты меңгеру деңгейін жіті қадағалап отырды. Нысанадағы оқушылар жаңа тақырыпты жақсы меңгеріп, топ мүшелерінің нәтижеге бағытталған сабақ жоспары өз мақсатына жетті.