«Критериалды бағалау — оқушылардың білім сапасын арттыру құралы» тақырыбындағы коучинг
Информатика пәні мұғалімі А. Т. Насамбаеваның «Критериалды бағалау — оқушылардың білім сапасын арттыру құралы» тақырыбында коучингі өткізілді. Коучинг «Квест» ойыны желісімен жүргізілді. Ең алдымен мұғалімдер арасында ынтымақтастық атмосфера қалыптастырып, тренинг өткізілді. Мұғалімдер коучингке мақсат қоя отырып, бағалау тапсырмаларымен танысты. Бағалау критерийлерінің практикалық маңызы артты. Қосымша бағалау кезінде қолдануға бірнеше платформалар түрлері көрсетіліп, түсіндірілді. Дайын презентация шаблондары берілді. Топқа бөлініп, бірнеше қызықты тапсырмалар орындады. Айталық, топтық жұмыстың өзіндік ерекшелігі де болды. «Морзе» әліппесі арқылы жасырылған сөзді табу — мұғалімдердің байқағыштық деңгейін арттырды. Коучингте барлық жұмыс қамтылды. Коучинг өте жоғары деңгейде өткізілді. Мұғалімдер арасында жақсы тәжірибе алмасу жүзеге асты. Рефлексияда «ашық микрофон» әдісі бойынша коучингтен білген-түйгендерімен бөлісіп, жүрекжарды тілек-лебіздерін білдірді.
Информатика пәні мұғалімі: Насамбаева А.Т.