Lesson Study тәсілі

Сыныптағы және ұжымдық іс-әрекеттегі зерттеулер – сыныпты және мұғалімнің өзін және шәкірттерін жете тануына, мақсат қоя жұмыстану арқылы кәсіби жетілуіне бағыт сілтейтін құралдар десек болады. Білім сапасы – басты көрсеткіш десек, сол білім сапасын арттыру мақсатында қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдерді атап көрсетуге болады. Сондай тәсілдердің бірі — білім кеңістігінде кеңінен танымал жапондық Lesson Study тәсілі.
«Lesson study» сыныпты зерттеу тәсілі білім беру саласында ең өзекті мәселелердің біріне айналды. Мектебімізде «Lesson study» тәсілі бойынша сыныпты зерттеу топтарының саны жыл сайын артып келеді. Осы оқу жылында тағы 5 топ қосылды. Қазіргі таңда 13 «Lesson study» тобы өз жұмыстарын бастап кетті. Бүгін мектеп директорының оқу жөніндегі орынбасары Садыбекова Айнаш Ермекқызы жаңадан қосылған топ жетекшілеріне «Lesson study тәсілінің қағидалары мен ережесі» тақырыбында әдістемелік отырыс жасап, осы тәсілдің қадамдарымен таныстырып өтті.