«ҚЫЗДАРЫМА АЙТАРЫМ…» айдарымен өткен қыз балалар жиналысы

«ҚЫЗДАРЫМА АЙТАРЫМ…» айдарымен өткен қыз балалар жиналысының қадірлі қонағы болған ақын, журналист Наурызғалиева Өрік Ахметқалиқызы оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, қыз баланың әдебі, мектеп талабы жайында пікір білдіріп, өз шығармашылығының қызықты қырларымен бөлісті.
Анасы мен қыз баланың арасындағыдай сырласу сәті әсерлі, әдемі әзілмен, әрлі әнмен өрілді.
Әңгіме барысында Бибі -Ана, Бибігүл Иманғазина, жайында оқушылар сұрақ қойып, қазақтың қайсар рухты қыздарының елге еткен қызметіне сүйсінді.

Кездесуді мектеп директоры А.Оспанқызы қорытындылап, бүгінгі сырлы сұхбат үшін Өрік апайға алғыс айтты.