Кітап оқудың 7 пайдасы туралы
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Кітап оқудың 7 пайдасы туралы түсінік беру:
- Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға көмектеседі.
- Кітап оқу – жадыны және ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адам жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады.
- Кітап оқу – талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді.
- Кітап оқу – көптеген табыс пен жетістіктің ең басты негізі.
- Кітап оқу – адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.
- Кітап оқу – сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады.
- Кітап оқу – адам бойында бұғып жататын шығармашылық қабілеттерді ашады.