«ҮШТІК ОДАҚ:МЕКТЕП, ОҚУШЫ, АТА-АНА» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы

«ҮШТІК ОДАҚ:МЕКТЕП, ОҚУШЫ, АТА-АНА» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.

Күн тәртібінде:
1.»Қауіпсіз мектеп» жобасы.
2.Құқықбұзушылықтың алдын алу.
3.Жасөспірімдердің зиянды, жат қылықтардан аулақ болуы.

  1. Ағымдағы мәселелер қаралды.

Мектеп директоры А.О.Оспанова өткен оқу жылындағы атқарылған істер мен ата-аналардың демеушілік танытқан шараларына тоқталып өтті.
Мектеп медбикесі С.Б.Төлегенова жасөспірімдер арасында белең алып бара жатқан денсаулыққа зиянды заттардан балалардың аулақ болуын қадағалау керектігі және жұқпалы аурулардан сақтану жолдары жайында баяндады.
Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Б.Б.Ермағанбетов құқықбұзушылықтың алдын алу туралы айтып, мектеп оқушыларының тәртібі, жаңа оқу жылында ата-аналармен жүргізілуге тиісті жоспарланған шараларға шолу жасады.
Ата-аналар сұрақтар қойып, дискуссияға түсті. Мектеп ұжымына алғыс айтты.
Өнерпаз оқушылар шағын концерттік бағдарлама ұсынды.
Жиналыс әрі қарай сыныпішілік жиналысқа ұласты.