Кітап оқудың пайдасы

Әрине, кітап оқудың пайдасы зор екендігінде сөз жоқ. Жақсы кітапты оқу арқылы адамның білім көкжиегі кеңейеді, ішкі жан дүниесі байыды, сақтау қабілетін арттырады, ақылдырақ болады дегендей. Ал тағы бір кітап оқудың маңызды жағы…:
Кітап оқу арқылы адамның сөздік қоры көбейіп, ойлау қабілетін арттырып, өз пікірін еркін жеткізе алады. Оған сөз жоқ өз тәжірибеңде көз жеткізуге болады. Мысалы бір классиктің шығармасын оқысаң-ақ болды, бұрын екі сөздің басын құрамайтын адам, өз ойын жеткізе алатындай дәрежеге жететініне күмән жоқ.

Сондай-ақ оқу логикалық ойлауды дамытады. Оқығаныңды іштей талдасаң, адам психологиясын жетік түсіне бастайсың.
Көңіл-күйің болмаса да кітап оқу бір сәт жабырқаудан арылтады, тіпті уақытша болса да уайымыңды басады.
Кітап оқудың тағы бір пайдасы адам ағзасының қартаймауына септігі бар екенін оқымыстылар дәлелдеуде. Урсула Ленз — егде адамдармен жұмыс жасайтын Федеральды біріккен ұйымның қызметкері былай дейді: «Егде адамдар үшін кітап оқу пайдалы екендігіне бірнеше себеп бар. Біріншіден, оқылған сөзді санада бейнеге айналдыру қабілеті когнитивті қызметке жақсы әсер етеді. Екіншіден, оқу ойын жинақтауға көмектеседі. Сондықтан оқудың қартайғанда да  белсенді ақыл-ойды сақтап қалуға пайдасы бар екен».
Сонымен келтірілген дәлелдер арқылы, сіздерді кітапты ең жақын досы етеді деп үміттенемін. Ал енді сіздерге кітаптардың пайдасы туралы Интернеттен алынған азды-кемді тіркестерді ұсынамын.
Жақсы жазатын қаламгердің шығармасы оқылып қана қалмайды, одан қалса, сізді жақсы сөйлеуге үйретеді