«Біліктілікті арттыру-кәсіби құзыреттілікті дамыту кепілі» тақырыбында семинар

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ.
20.10.2022 күні Шалқар ауданы «Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ» КММ-де «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПКБАИ меморандум аясында «Біліктілікті арттыру-кәсіби құзыреттілікті дамыту кепілі» тақырыбында семинар болып өтті. Семинарға «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Давлеткалиева Елизавета Султановна қатысты. Педагогтердің біліктілігін арттыру – оқыту және оқыту сапасын арттыру үшін жаңа білім алуға, сондай-ақ бұрын алған кәсіби білімдерін, біліктерін жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны. Семинар барысында биология пәні мұғалімі Сейтқалиева Г «Биология пәні бойынша педагогтердің пәндік құзыреттіліктерін дамыту.10-11 сыныптардың күрделі тақырыптары» тақырыбында сабақтың құрылымы мен әдістері туралы, бастауыш сынып мұғалімдері Бақтыбаева Г мен Аманжолова С «Бастауыш мектеп пәндерінің күрделі тақырыптарын меңгеру» тақырыбында саралау жұмыстары туралы өз тәжірибелерін ортаға салса, бастауыш сынып мұғалімі Асылова М мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Елекбаева Ж «Ғылыми жоба жазу шарттары» тақырыбында коучинг өткізді.Семинарда өзекті мәселелер қозғалды.Соңынан қатысушылар кері байланыс жасау арқылы алған әсерлерін жеткізді.