«Беу, қыздар-ай!»драмалық шығармасы
«ҮШ ТІЛ БІЛГЕН-ӨЗГЕДЕН ҮШ САТЫ БИІК ТҰРАДЫ» тақырыбындағы тілдер апталығының жұмыс жоспарына сай 9″А»- сынып оқушылары Ақтөбе өңірінен шыққан көрнекті ақын, драматург Қуандық Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай!»драмалық шығармасын сахналады. 3 актіден тұратын комедиялық жанрдағы спектакль көрерменді шынайы образдармен баурап алды.
Спектакльдің мақсаты- жастар арасындағы сезімді көпшілікке жария етудің әбестік екендігін түсіндіру, жігіттердің қыз балаға құрметін көрсету, қыз баланың нәзік те намысшыл қасиеттерін таныту. Жастарды сөзіне берік, ісіне адал болуға тәрбиелеу.
Басты рольде ойнағандар:
Айсұлу Асанова-Иса Шынар
Күнсұлу- Әбілғазиева Бақытнұр
Нұрсұлу- Төлеуғали Аңсаған
Жансұлу- Шайгөз Гүлзар
Серке-Қалқаман Данияр
Әубәкір ақын-Серікбай Мағжан
Сұлтан суретші-Амангелді Ахмет
Хасен доцент-Жансерікұлы Ерасыл
Колхоз бастығы-Шарзада Мансұр
Милиционер бикеш-Назира Бердалы
Қоюшы-режиссер- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанар Темірханқызы.